Футбол Қазақстан құрамасы Бельгиядан ойсырай жеңілді

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Бельгия құрамасымен сырт алаңда кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Матч қорытындысы — 6:0. Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсеннің қақпасына Жереми Доку мен Кевин Де Брюйне дубль авторы атанды, тағы бір голдан Николас Раскин мен Тома Менье соқты.
Келесі матчты Қазақстан құрамасы 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнге қарсы өткізеді.