logo

«Ақтөбенің» алты шәкірті негізгі құраммен келісімшартқа отырды

«Ақтөбенің» алты шәкірті негізгі құраммен келісімшартқа отырды

«Ақтөбе» футбол клубының алты шәкірті облыстың бас командасы – «Ақтөбе» командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жартылай қорғаушылар Аян Байдәулетов, Әлішер Кенжеғұлов және орталық қорғаушы Рүстем Ғабдрахмановпен келісімшарт жасалды.

Сонымен қатар, QJ League турнирінде өнер көрсеткен Саятан Құсайнов, Мирам Кикбаев және Мирас Уманиязов ақтөбелік атанды.

Қазіргі уақытта команда Белекте (Түркия) алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізуде.