«Фенербахче» Сербия жастар құрамасының қорғаушысын қатарына қосты
«Фенербахче» Сербия жастар құрамасы мен «Црвена Звезда» клубының қорғаушысы Огнен Мимовичтің трансферін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
20 жастағы «Црвена Звезда» түлегі Сербия Суперлигасында 25 матч өткізіп, қазіргі уақытта Чемпиондар лигасының 7 ойынына қатысты.
Бұған қоса, Сербия жастар құрамасы сапында жасөспірімдер Еуро чемпионатының іріктеу кезеңінде 4 матчта өнер көрсетті.