«Фейеноорд» шабуылшысы «Миланға» ауысуы мүмкін
«Милан» Сантьяго Хименеске ресми ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sport+.
Бұл туралы журналист Маттео Моретто мәлімдеді. Оның айтуынша, «россонерилер» «Фейеноорд» шабуылшысына 2027 жылға дейін келісімшарт ұсынған, келісімді тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен.
Биылғы маусымда Хименес Эредивизиде 11 матч өткізіп, 7 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.