Брифинг барысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда UFC турнирін өткізуге қатысты келіссөздер туралы айтты, деп хабарлайды Sport+.
«Жыл басынан бері UFC турнирін өткізу мәселесі бойынша бірнеше келіссөздер мен жұмыс кездесулерін өткіздік. Қазір де келіссөздер жалғасып жатыр. Айдың соңында Қазақстанда 2027–2028 жылдары UFC турнирін өткізуге қатысты қандай шешімге келгенімізді толығырақ хабарлаймыз. Барлық қажетті жұмыс атқарылды. Ай соңында қорытындысын жариялаймыз», — деді Ербол Мырзабосынов.
