Қазақстандық спорт қайраткері, Астана қаласы дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов Германияда өткен грэпплингтен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Отандасымыз 40 жастан асқан спортшылар арасындағы жарыста өнер көрсетті.

Жартылай финалда Махметов венгриялық қарсыласын жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алды. Ал финалда италиялық спортшыға 0:1 есебімен есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.