NAIZA лигасы Қарағанды қаласында турнир өткізеді. Жарыс аясында екі чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sport+.
Жеңіліп көрмеген Али Бадрудинов (6-0) пен Бекжан Әбілқасым (7-0) чемпиондық белбеулерін қорғайды.
Әлидің қарсыласы Tobet Top Team командасының қауіпті соққы шебері, «Alash Pride» лигасының 77 келі салмақтағы бұрынғы чемпионы Аңсар Қасымжанов (6-3) болмақ.
Ал Бекжан ACA Young Eagles лигасының файтері Хамзат Ильясовпен (4-1) жекпе-жек өткізеді.
Сондай-ақ турнирде NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Қазбек Сағын өнер көрсетеді.
Турнир 19 желтоқсанға жоспарланған.
