19 қарашада Шымкент қаласында «Alash Pride» және «Mangu» лигаларының бірлескен іс-шарасы аясында екі турнир өтеді.
Астана уақытымен сағат 13:00–де басталатын алғашқы турнирде кәсіби мансабын енді бастап келе жатқан жас спортшылар өнер көрсетеді.
Ал сағат 18:00–ге жоспарланған негізгі турнирде екі лиганың өкілдері 4×4 форматында өзара күш сынасады. Бұған дейін Ташкентте өткен бірлескен турнирде қазақстандық спортшылар жеңіске жетіп, кубокты иеленген болатын. Енді өзбекстандық файтерлер қарымта қайтаруға ниетті.
Сонымен қатар турнир аясында Камил Карате, Камолов, Нұрбек Қабдрахманов, Рүстем Құдайбергенов және Асылжан Таскет жекпе-жек өткізеді.
Екі турнирді де Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
