Еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Олимпиадада бірінші жекпе-жекте жеңіске жетті
Париж Олимпиадасында еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі белдесулер басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл салмақта Қазақстан намысын Әлішер Ерғали қорғап жатыр.
Қазақстандық балуан алғашқы айналымда египеттік қарсыласы Мұстафа Елдерсті 6:2 есебімен жеңді.
Осылайша, Әлішер Ерғали Олимпиаданың ширек финалына өтті.