Эндрик «Реалға» жеңіс әкелді (видео)

Испания Кубогының жартылай финалындағы алғашқы матч «Реал Сосьедад» пен мадридтік «Реал» арасында өтті.
Кездесу 1:0 есебімен «Реалдың» пайдасына аяқталды.
Жалғыз голды 19-минутта мадридтік клубтың бразилиялық шабуылшысы Эндрик соқты. Голға нәтижелі пасты ағылшын жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем берді.
Қарымта матч 1 сәуірде Мадридте өтеді.