logo

Эмиль Галимов: маусымды ертең-ақ бастап кетер едім

Эмиль Галимов: маусымды ертең-ақ бастап кетер едім

«Сибирь» қақпасына жеңіс шайбасын соққан Эмиль Галимов жаңа маусым қарсаңындағы «Барыстың» соңғы  ойыны туралы Sport+ сайтына пікір білдірді.

— Жалпы алғанда жақсы ойын болды. Иә, қатарынан екі күн ойнау ауырлау әрі үйренбеген нәрсе, бірақ алдағы маусымда мұндай сәттер кездеседі. Бізге осындай кестеге үйрену керек. Қарсылас біраз ереже бұзды. Ал біз жаттықтырушының тапсырмасын орындап, сенімді ойнадық. Көпшілікте екі әдемі гол соқтық, жалпы, ойынды түгелге жуық өз қолымызда ұстадық деп ойлаймын.

— Соңғы екі ойынды дерлік оңтайлы құраммен өткіздіңіздер. Қазір команда маусымды бастауға қаншалықты дайын деп ойлайсың?

— Шынымды айтсам, ертең-ақ маусымды бастап кетер едім. Өз бабымызды жоғалтқым келмейді.

— Тұрақты чемпионаттың алғашқы ойынына дейін біраз уақыт бар. Бұл күндерді қалай өткізесіздер?

— Сәл демалып, қайтадан қазіргі кестемен дайындаламыз. Біздің жаттықтырушылар штабы өте тәжірибелі, олар бізге не қажет екенін жақсы біледі және бағыт-бағдар береді.



Күн шежіресі