logo

Елордада Қорғаныс министрінің жүлдесіне қоян қолтық ұрыстан әлем кубогы өтеді

Елордада Қорғаныс министрінің жүлдесіне қоян қолтық ұрыстан әлем кубогы өтеді

Астанада ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан өтетін әлем кубогының финалына 15 елден 200-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Sport +.

Мұндай деңгейдегі сайыс ел тарихында тұңғыш рет өтпек.

Жарыста сынға түсетін жауынгерлердің арасында Испания, Швейцария, Марокко, Үндістан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Беларусь, Египет, Румыния, Тунис, Германия, Таиланд, Қазақстан және басқа елдердің өкілдері бар.

Жарысқа қатысушылар – әлем, Еуропа, Азия чемпиондары, әлем кубогының иегерлері және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.

Әлем кубогын ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы мен еліміздегі Қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы.