logo

«Елімайға» Африка Ұлттар Кубогының жеңімпазы қосылды

«Елімайға» Африка Ұлттар Кубогының жеңімпазы қосылды

Семейлік «Елімай» 29 жасар шабуылшы Роберт Ндип Тамбты қатарына қосты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Камерундық өзінің клубтық мансабында 198 ойынға қатысып, 72 гол, 11 нәтижелі пас берген. Роберт Еуропада «Спартак Трнава», «Адана Демирспор», «ЧФР Клуж» және «Шериф» футбол клубтарында өнер көрсетті.

Сонымен қатар, Роберт Камерун ұлттық құрамасымен бірге 2017 жылғы Африка Ұлттар Кубогін жеңген. Ұлттық құрама сапында 10 ойыны бар.

Соңғы екі маусымды Қытайдың Бірінші лигасында өткізді. 



Күн шежіресі