logo

«Елімай» Лига 1-де ойнау тәжірибесі бар ойыншыны қатарына қосты

«Елімай» Лига 1-де ойнау тәжірибесі бар ойыншыны қатарына қосты

Семейлік «Елімай» 30 жасар жартылай қорғаушысы Квентин Корнетті қатарына қосты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Француз еркін агент ретінде семейлік клубқа ауысты.

Квентин Корнетт – «Монпельенің» түлегі. Бұған дейін «Амьен» мен «Гавр» үшін де өнер көрсетті. Ол «гол+пас» жүйесі бойынша Лига 2-де 97 ойында 13+11 көрсеткіш жасады. Ал Лига 1-де оның есебінде 35 ойын, бір гол және төрт ассист бар.