«Елімайдың» үздік бомбардирі Испания чемпионатына көшті
25 жасар «Елімайдың» шабуылшысы Бека Кавтарадзе испандық «Мелилья» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Мелилья» қазіргі уақытта Испанияның үшінші дивизионы болып табылатын Сегунда В-да өнер көрсетеді.
Кавтарадзе өткен жылдың басында «Елимайға» ауысып, семейлік клубқа Бірінші лиганың чемпионы атануына көмектесті. 2023 жылғы маусымда шабуылшы 25 ойын өткізіп, 19 гол соқты.