«Елімай» «Кьево» клубының түлегін сапына қосты
Семейдің «Елімай» клубы 29 жастағы сербиялық қорғаушы Страхиня Танасиевичпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Страхиня Танасиевич 1997 жылғы 12 маусымда Сербияның Младеновац қаласында дүниеге келген.
Кәсіби мансабында сербиялық «Рад», «Чукарички», «Младост» (Нови-Сад) және «Спартак» (Суботица) клубтарының намысын қорғаған. Сонымен қатар Италияның «Кьево» және АҚШ-тың MLS лигасындағы «Нью-Йорк Сити» клубтарында да өнер көрсеткен.