logo

Эльгуджа Лобжанидзе: Қытайда бір жыл аш жүрдім

Эльгуджа Лобжанидзе: Қытайда бір жыл аш жүрдім

Грузиялық футболшы Эльгуджа Лобжанидзе Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Қытай чемпионатының деңгейі, қыруар қаражат пен грузиндік футболшыларға деген сұраныс туралы айтты.

- Эльгуджа Қытай чемпионаты жайлы не айта аласыз? Ол мемлекеттегі футбол деңгейі қалай?

- Қытай чемпионаты жақсы деңгейде. Қытай елінде көптеген мықты футболшылар доп тебеді. Жалпы, барлық жағынан футбол деңгейі жақсы.

- Екі елдің жоғарғы лигаларының деңгейін салыстырсақ, қандай баға бере аласың?

- Қытай чемпионаты Қазақстан чемпионатынан әлде қайда алда.

- Спортшы үшін дұрыс тамақтану маңызды. Қытайда тамақтану жағынан қиындықтар бар екенін білеміз. Бұл мәселені қалай шештіңіз? Жергілікті тамақты жеп көрдіңіз бе?

- Қытай тағамдары әлем бойынша жақсы таралған. Тіпті бірінші орында деуге болады. Алайда, мен бір жыл бойы аш жүрдім деп айта алам. Еуропалықтар үшін Қытай тағамдарына үйрену өте қиын. Мүмкін уақыт өте үйреніпте кетер. Ол енді адамның өзіне байланысты. Менің ойымша мен ешқашан үйрене алмайтын едім.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Guja Lobjanidze (@lobjanidze.9)

- 2023 жылғы маусымда қазақстандық клубтардан ұсыныс болды. Не себепті келісе алмадыңыздар?

- Көптеген клубтардан ұсыныс болды деп айта алмаймын. Қытайдан ұсыныс түскесін көп ойланған жоқпын.

- Футболшылар Қытайға қыруар қаражат табуға барады дегені рас па?

- Ия, Қытайға көбінесе футболшылар ақша үшін ауысады.

- Грузия құрамасының Еуродағы ойыны жайлы пікірің қандай? Футболшылар елге оралғаннан кейін сөйлестіңіз бе?

- Грузия құрамасынан ешкім жақсы нәтиже күткен жоқ. Алайда, Грузияның футбол тарихындағы ең мықты құрам екенін білдім. Біраз футболшылар жақсы деңгейдегі чемпионаттарда ойнайды. Мен әлі хабарласқан жоқпын. Себебі, халықтың ойыншыларға деген ілтипатын, құрметін көрдіңіздер.

- Грузиялық ойыншылар Қазақстан чемпионатында жиі жақсы нәтиже көрсетеді. Сыры неде?

- Тек қана Қазақстанда ғана емес, әлемде Грузия футболшылары жақсы нәтижеге ие. Кавказдық мінезбен, футболға деген икемі бар екенін дәлелдеп жүр. Осының барлығы сенімді ойнауға көмектеседі.



Күн шежіресі