Евсеев Дэвис Кубогындағы төртінші матчта Шевченконы алмастырады
Қазақстан құрамасы Дэвис кубогындағы Пәкістанға қарсы кездесуде 3:0 есебімен алға шыққаннан кейін, ұлттық команданың бапкерлік штабы ойын кестесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Sport+.
Осылайша, төртінші матчта Қазақстан құрамасының бірінші ракеткасы Александр Шевченконың орнына басқа теннисші – Денис Евсеев шығады.
Оның қарсыласы Ахмат Куреши болады.