Елена Рыбакина қатарынан екі турнирде жарыстан бас тартты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қатарынан екінші рет жарыс жолын ерте аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Әлемнің 4-ші ракеткасы Ұлыбританияның Истборн турниріне қатысудан бас тартып отыр. Ол осыған дейін Берлин турнирінің орта жолында денсаулығына байланысты жарысты тоқтатқан болатын.
Айта кететін жайт, Истрборн WTA-500 бәсекесіне отандасымыз №1 ракетка болып тіркелген еді. Бірақ оның жайы белгілі болған соң, бұл нөмірді турнирде София Кенин иеленді.
Рыбакина бұл сынды екінші айналымнан бастап, екінші айналымда британиялық Хэрриет Дартпен шеберлік байқасуы тиіс болған. Енді онымен Еленаның орнын басқан америкалық София Кенин кездеседі.