logo

Елена Рыбакина Катардағы «мыңдық» турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина Катардағы «мыңдық» турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымында әлемнің 46-ракеткасы, словакиялық Ребекка Шрамковамен кездесіп, 7:6 (7:1), 6:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Теннисшілер кортта 1 сағат 24 минут өткізді. Рыбакина 4 эйс жасап, 2 қос қате жіберді және 7 брейк-пойнттың 4-еуін сәтті жүзеге асырды. Бұл теннисшілердің алғашқы бетпе-бет кездесуі болды.  

Ширек финалда қазақстандық теннисші Ига Швёнтек (Польша) пен Линда Носкова (Чехия) арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.



Күн шежіресі