logo

Елена Рыбакина Иванишевичпен алдағы жұмыс жайлы: Болашақты талқылап, шешім қабылдаймыз

Елена Рыбакина Иванишевичпен алдағы жұмыс жайлы: Болашақты талқылап, шешім қабылдаймыз

Әлемнің жетінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турнирінен шығып қалғаннан кейін қандай жарыстарға қатысатыны туралы және хорватиялық бапкер Горан Иванишевичпен алдағы жұмысы жайлы айтты, деп хабарлайды Sport+.

«Біз әлі де маусым алдындағы дайындық қалай өткенін және осы маусымда ойнаған екі турнирден қандай қорытынды шығарғанымызды талқылауымыз керек. Біз отырамыз, сөйлесеміз және алдағы кестеміз қандай болатынын шешеміз. Қазіргі таңда мен Абу-Дабидегі турнирге қатысуға өтініш бердім, одан кейін WTA-1000 жарыстары Доха мен Дубайда өтеді», — дейді Рыбакина Punto de Break басылымына берген сұхбатында.