Заңғар Нұрланұлы Australia Open турнирінде өнерін аяқтады

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Австралия ашық чемпионатында жекелей сындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды Sport+.
Турнирдің юниорлар санатындағы екінші айналымында қазақстандық спортшы болгариялық Александр Васильевке 6:2, 6:4 есебімен есе жіберді.
Соған қарамастан, Нұрланұлы жұптық сында өнерін жалғастырады.