Шевченко Риодағы турнирді жеңіспен бастады
 
                                            Рио-де-Жанейрода ATP турнирі басталды, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко, қазіргі таңда әлемдік рейтингтің үздік жүздігінен тыс қалғанына қарамастан, жарысты сәтті бастады.
Ол алғашқы айналымда жергілікті спортшы Фелипе Мелигени Алвесті 6:4, 6:2 есебімен сенімді жеңді.
 
    