Елена Рыбакина: Агрессивті болу керек еді
Қазақстан өкілі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2024 жартылай финалындағы жеңіліс себептері туралы ой бөлісті. Ол чех теннисшісі Барбора Крейчиковаға 6:3, 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Барбора өте жақсы ойнады. Менің мүмкіндіктерім болды. Жалпы алғанда, бұл мен үшін оң турнир. Ойлаймын, екінші сетте ол алғашқы подачалар пайызының деңгейін жақсартты, ал менікі аздап төмендеді. Бұл өте жылдам болды. Бізде көп геймдер «тең» болды, 30:30. Ойлаймын, физикалық тұрғыда да маңызды сәттерде әлсіреп қалдым. Агрессивті болу керек еді, аяқпен жақсы жұмыс жасау керек еді. Бірақ ол жақсы ойнады, кортты ашты. Және жақсы подача жасады», — деді Рыбакина баспасөз конференциясында.
Уимблдон-2024 1 шілдеден 13 шілдеге дейін өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы Маркета Вондроушова, ол турнирден бірінші айналымда шығып қалды.