Ел чемпионы жолдастық кездесуде төрт гол жіберіп алды (видео)
«Ордабасы» Арменияның бірнеше дүркін чемпионы «Пюникпен» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Шымкенттіктер есеп ашты, Асхат Тағыбергеннің алыстан бағыттаған соққысынан кейін қақпашы допты дәл Реджинальдоның алдына тосты, «Ордабасының» легионеры доп қақпаға көздеді.
Бірақ «Пюник» бірінші таймның соңында 2:1 есебімен алға шықты.
Екінші таймда соғылған голдардың саны азаймады. «Пюник» екі рет гол соқты, ал «Ордабасы» бір ғана нәтижелі соққымен жауап қайтарды. Яхшибаевтың керемет пасынан кейін Еркебұлан Тұңғышбаев қанжығасын майлады.