logo

Асхат Тағыберген: Шетелдік чемпионатқа кетуге жасым келген сияқты

Асхат Тағыберген: Шетелдік чемпионатқа кетуге жасым келген сияқты

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Ордабасы» капитаны Асхат Тағыберген  Sport Plus Qazaqstan тілшісіне берген сұқбатында оқу-жаттығу жиынындағы дайындық туралы айтып берді.

- Жарақаттан жазылдық. Жасыл алаңға оралғаныма қуаныштымын. Әлі ойнаған жоқпын, жолдастық кездесулерге енді қатысамын. Келесі ойында 30-40 минуттай уақыт беретін шығар, оны енді бас бапкер шешеді. «Пюникпен» ойында өзіміздің тактикамызды, ойларымызды іске асырамыз деп ойлаймыз. Командадағы атмосфера өте керемет. Құрам бұрынғыдай, тек қана 1-2 жаңадан келген ойыншылар бар.

Сонымен қатар Асхат Абат Айымбетовтың «Адана Демиспор» сапына ауысқаны туралы пікір білдірді.

- Абатпен сөйлестім. Құттықтадым. Бақтиердан кейін Түркия чемпионатына өнер көрсететін біздің екінші ойыншымыз бар. Абатқа сәтті маусым тілеймін. Түркияда жақсы ойнап, ұлттық құрамаға пайдасын тигізсін.

Өзіне Түркия чемпионатынан түскен ұсыныс туралы айтты.

- Иә, маған Түркия командасы былтыр жазда хабарасқан. Бірақ менде «Ордабасымен» келісімшарт болды, сол себептен бұл ұсыныстан бас тартуға тура келді. Содан кейін ешкім қонырау шалмады. Қазір шетелдік чемпионатқа кетуге жасым келген сияқты, - деді 34-жасар капитан.



Күн шежіресі