Екатерина Шабалина Қазақстанға тағы бір олимпиадалық жолдама сыйлады
Қазақстандық триатлоншы Екатерина Шабалина елге Париждегі Олимпиада ойындарына тағы бір квотаны әкелді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Туған күніме мен басты сыйлық алып отырмын... Олимпиадалық лицензия! Маған сенген барлық туыстарыма және жақындарыма үлкен рахмет! Сіздердің қолдауларыңыз мені осындай биіктерге жеткізді... Бұл менің спорттық өмірімнің мақсаты еді, және мен осы маңызды әрі қызықты кезеңді ашық жүрекпен және жанмен қабылдаймын. Рахмет! Алда менің басты спорттық оқиғама екі айлық дайындық кезеңі күтіп тұр. Алға!» — деп жазды Шабалина Instagram парақшасында.