Джон ван ’т Шкип: Ұлттық құраманың есігі баршаға ашық

Джон ван ’т Шкип: Ұлттық құраманың есігі баршаға ашық

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Қайрат» пен болгариялық «Левски» арасындағы матчты тамашалады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында ван ’т Шкип отандық футболмен танысу барысы, көрген ойындары мен ұлттық құрамаға үміткерлерді іріктеу критерийлері туралы айтып берді.

— Қазақстан футболымен танысуыңыз қалай өтіп жатыр?

— Ең алдымен, матчтарды көру арқылы. Мен жаттықтырушылар штабының мүшелерімен және федерация қызметкерлерімен көп сөйлесемін, жекелеген футболшылардың ойындарын көрсететін бейнематериалдарды зерттеймін және, әрине, матчтарға барып жүрмін.

— Ойыншыларды қандай критерийлер бойынша бағалайсыз?

— Менің ойымша, футболшы ұлттық құрама сапында ойнауға қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Құрама сапында көп матч өткізген ойыншылар бар, біз оларды әрі қарай да мұқият бақылауды жалғастырамыз.

Сонымен қатар өздерін көрсете алатын және ұлттық құрамаға шақырту алуға лайықты басқа футболшылардың бар-жоғын да білгіміз келеді. Ұлттық құраманың есігі барлығына ашық. Кез келген ойыншы өз ойынымен лайық екенін дәлелдесе, мүмкіндік ала алады.

Тағы бір маңызды критерий — физикалық дайындық. Біз өте қысқа уақыт аралығында төрт матч өткізуіміз керек. Сондықтан ойыншылар 90 минут бойы алаңда ойнауға немесе матчтың белгілі бір бөлігінде сапалы өнер көрсетуге дайын болуы қажет.

Құрамдағы тепе-теңдік те маңызды. Әр позицияға екі футболшыдан болғанын қалаймыз.

— Қазірге дейін қандай матчтарға бардыңыз және алдағы уақытта қай ойындарды тамашалауды жоспарлап отырсыз?

— Біз «Жетісу» — «Ордабасы» матчын тамашаладық, ал келесі күні «Астана» — «Оқжетпес» кездесуін көрдік. Бүгін «Қайрат» — «Левски» матчын тамашаладым. Осы аптаның соңында «Тобыл» — «Партизан» кездесуіне баруды жоспарлап отырмын, ал алдағы демалыс күндері «Каспий» — «Елімай» матчын көремін.

— Жақын уақытта ұлттық құраманың алдында қандай міндеттер тұр?

— Біздің басты міндетіміз — Ұлттар лигасында жақсы өнер көрсету. Сапалы футбол көрсетіп, ұпай жинап, турнирді мүмкіндігінше жоғары орында аяқтағымыз келеді.

Әрине, біз әрқашан барынша жоғары нәтижеге, яғни бірінші орынға ұмтылуымыз керек. Алдымызға дәл осындай мақсат қою қажетпіз. Оған қол жеткізе аламыз ба, оны матчтар көрсетеді. Дегенмен біз командамыздың мүмкіндігіне сенеміз және осы мақсат үшін күресе алатынымызға сенімдіміз.



Күн шежіресі