Джон ван ’т Шкип: Ертең жақсы нәтиже көрсету - өз қолымызда

Джон ван ’т Шкип: Ертең жақсы нәтиже көрсету - өз қолымызда

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Фарер аралдарына қарсы матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

«Әрине, Молдоваға қарсы соңғы ойындағы нәтижеден көңіліміз қалды. Бұл туралы ойыншылармен сөйлестік. Қазақстандағы барлық жанкүйеріміздің де көңілі қалғанын түсінеміз. Енді жағдайды түзеп, ертең жақсы нәтиже көрсету және үш ұпай үшін күресу — өз қолымызда. Ол үшін алаңда қалай ойнайтынымызға мән беріп, ойынымызда тәртіпті күшейтуіміз керек. Сонымен қатар, жақсартуға болатын барлық нәрсені ертеңгі ойынға алып келуіміз қажет».