Джаватов күресте жақсы шығар, бірақ грэплингтен мені ұта алмайды: Рауан Бекболат
«Alash Pride» лигасының 61 кг салмақтағы чемпионы Рауан Бекболат Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында 2 мамыр күні Алматыда өтетін Alash Pride 96 турниріндегі қарсыласы, тараздық балуан Ержет Жарылқасынмен төбелесі, Қытай лигасы мен жаңа салмақтағы жоспарлары жайында әңгімеледі.
- 2 мамырда ресейлік Ильямин Джаватовпен шаршы алаңға шығасыз. Ол несімен мықты және осал тұстары қандай?
- Қарсыласымның оң қолы мықты, яғни бұған дейінгі жекпе-жектерінде көбіне оң қолымен ауыр соққылар жасап, қарсыластарын ұрып құлатқан. Джаватовтың басты қаруы - оң қолы. Сол оң қолынан сақтансам болды.
- Қарсыласыңыз күреске жақын. Ал сіз Джаватовпен күресуге дайынсыз ба?
- Джаватов күресте жақсы шығар, бірақ грэплингтен мені ұта алмайды.
- Тараздық балуан Ержет Жарлықасын еркін күрестен Азия чемпионатында топ жарды. Бір-біріңізді қаншалықты танисыздар? Спарринг жасадыңыздар ма?
- Ержат Жарылқасынды танимын, бірақ ол мені танымайтын шығар. Бірге жаттығу жасаған жоқпыз, танысып жатсақ жасап қалармыз (күлді). Бірге жаттығуға қарсы емеспін.
- Қытайда жекпе-жек өткізуіңіз керек еді, бірақ салмақ мәселесі болды. Қытай лигасынан сізді қашан көреміз?
- JCK лигасында кез келген уақытта шығуға болады. Қазіргі ол лигамен кішігірім келіспеушіліктер болып жатыр.
- Кезінде Георгий Поповты (UFC-дің бұрынғы жауынгері) жекпе-жекке шақырған едіңіз. Қазір Попов қарсылас ретінде сізді қаншалықты қызықтырады?
- Попов қәзір бұрынғыдай емес екен, яғни формада емес. Мен мықты болуым үшін тек мықтылармен жекпе-жек өткізгім келеді. Сондықтан қазір онымен жекпе-жекке шығу мен үшін қызық емес.
- 61 келіде «Alash Pride » белбеуін жеңіп алдыңыз, жеңіл салмақта қандай жоспарларыңыз бар?
- Иә, 61 келіде белбеуді жеңіп алдым. Енді «Alash Pride» лигасында 66 келідегі белбеуді алсам деген ой бар. Алла қаласа, одан кейн де үлкен лигаларға шығу жоспарда бар.
- Рақмет!