Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Ұлттық құрама аударыспақтан 5 алтын алды
V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында аударыспақ спорты бойынша жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
6 салмақ бойынша жүлде үлестірілген аударыспақ бәсекесінде Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең көп 5 алтынды жеңіп алды.
Бұған дейінгі Көшпенділер ойындарындағы көрсеткішіміз:
2016 жыл - 2 алтын
2016 жылдан кейін алтын болмады
2024 жыл - 5 алтын, 1 күміс
Айта кетейік, 8-13 қыркүйек күндері аралығында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында 21 спорттан 97 жүлде жиынтығы сарапқа салынуда.