logo

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада «Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада «Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылды

Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстан халқының бай мұрасымен, көшпелі халықтардың өзіндік мәдениетімен таныса алады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Этноауыл бірнеше орынға бөлінген: Орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі Өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этникалық қоныстары, қолөнершілері және Шығыс базары бар арнайы қала.

Этноауыл аумағында көптеген кәдесыйлар табуға болатын Шығыс базары ұйымдастырылған. Еліміздің екі жүзден астам қолөнершілері өз өнімдерін ұсынады.

Этноауыл 7-13 қыркүйек аралығында сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Елорда тұрғындары, қонақтар мен ойын қатысушылары үшін Этноауылдың барлық мәдени іс-шараларына кіру тегін.



Күн шежіресі