Дмитрий Шомко «Ақтөбе» жанкүйерлеріне: Сіздің қалада мен өзімді шексіз бақытты сезіндім
«Елімайдың» жаңа футболшысы Дмитрий Шомко «Ақтөбенің» жанкүйерлеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қымбатты ақ-қызыл отбасының жанкүйерлері! «Ақтөбе» жейдесін киіп, команда капитаны болғанымды мақтан тұтамын. Сіздің қалада мен өзімді шексіз бақытты сезіндім. Барша жанкүйерлерге, әсіресе команда үшін барлық қолдауын жасаған «13 секторға» алғыс айтқым келеді. Сіздер үздіксіздер! Бізбен үнемі бірге болған «Ақтөбенің» ең басты жанкүйері – облыс әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров бастаған клуб басшылығына рақмет! Клубтың бүкіл персоналы да аз адам емес, олар нағыз кәсіби қызметкерлер, медициналық құрам – бәріне-бәріне алғыс. Мен қоштаспаймын – көріскенше дегім келеді. Құрметпен, Дмитрий Шомко. «Зига-зага, зига-зага! Хей-хей!», - деді Шомко «қызыл-ақтардың» баспасөз қызметіне.