logo

Дмитрий Попко Бразилиядағы жарыстың финалында сүрінді

Дмитрий Попко Бразилиядағы жарыстың финалында сүрінді

Қазақстандық теннисші, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Ресифе (Бразилия) ITF турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Д.Попко соңғы бәсекеде әлемнің 250-інші, жарыстың 1-ракеткасы, аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда аргентиналық спортшының мерейі үстем болды — 6:4.

Есесіне екіншісінде Попко тай-брейкте қарымта қайырды — 7:6 (7:4). Бірақ шешуші, үшінші сетте шамасы жетпеді — 3:6. 

Осылайша Дмитрий Попконың 23 матчқа созылған жеңіс сериясы аяқталды. 

Д.Попко аталмыш додада жұптық сында үздік шыққан еді. 

Қазақстандық теннисші алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде 247-орынға көтеріледі.