Дмитрий Попко Бразилиядағы турнирдің финалына өтті
Қазақстандық, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Фейра-де-Сантана (Бразилия) ITF турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 383-сатыда тұрған германиялық Луис Вессельспен кортқа шықты.
Дмитрий Попко қарсыласын 6:1, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық спортшы финалда рейтингіде 771-сатыдағы Харрисон Адамспен бас жүлдені сарапқа салады.
Х.Адамс жартылай финалда әлемнің 392-ракеткасы, бразилиялық Матеуш Алвештен айласын асырды – 6:4, 7:6 (9:7).
Д.Попко қазірдің өзінде ATP Live рейтингісінде бірден 249-орынға көтеріліп тұр.