Дінмұхамед Қараман: Словакияға қарсы ойынға жігіттер тас-түйін дайын

Дінмұхамед Қараман: Словакияға қарсы ойынға жігіттер тас-түйін дайын

Қазақстан құрамасының ойыншысы Дінмұхамед Қараман УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы Словакияға қарсы өтетін ойыналды баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап. 

— Бұл сырт алаңдағы екінші маңызды ойын. Ертеңгі матчқа жігіттердің бәрі тас-түйін дайын. Өздеріңіз білетіндей, ойындардың арасы өте аз. Сол үшін бір ойыннан екіншісіне ауысып үлгеріп, өзіміздің дайындығымызды көрсетуіміз қажет. 

Словакияның ортадағы ойыншылары өте мықты. Деңгейі жоғары чемпионаттар мен клубтарда ойнайды. Дегенмен біздің бапкерлік штабымыз оларға қарсы қалай ойнау керектігін және қандай тактика қолданатынымызды толық көрсетіп, түсіндіріп жатыр, — деді Дінмұхамед Қараман.