logo

Дінмұхамед Қайыржан: Қателіктерімізді қарсылас кешірмеді

Дінмұхамед Қайыржан: Қателіктерімізді қарсылас кешірмеді

«Барыс» шабуылшысы Дінмұхамед Қайыржан «Локомотивке» қарсы өткен матчтың (1:5) қорытындысы туралы «Шайба» басылымына пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.

— Қарсылас біздің қателіктерімізді тиімді пайдаланды, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырды, ал біз — жоқ. Матчтың нәтижесі осы.

— Неге екі бірдей шабуылды пайдалана алмадыңыздар?

— Білмеймін, бізге бірнеше ойында мүлде жол болмай жүр. Соңғы төрт-бес ойында гол соға алмай жүрміз. Гол соғу керек, өйткені көпшілікпен ойнағанда гол соғылса, ойын жеңілдей түседі, әрі қарай ойнау оңайырақ болады.

— Қазіргі чемпионға қарсы ойнау психологиялық тұрғыдан қаншалықты қиын?

— Бүгін тең дәрежедегі ойын болды. Қысылу, қобалжу болған жоқ, бәрі ойнады, қорықпады. Мүмкін, екінші кезеңде олар бізден сәл басымырақ болды, бірақ жалпы матч барысында біз жақсырақ ойнадық.

— Матч бойы дерлік ешқандай шеттетулер болмады, бірақ соңғы екі минутта біздің ойыншымыз айып алды. Бұл эмоциялық әсерден болды ма, әлде басқа себеп бар ма?

— «Локомотив» ойыншысы арандатып, дегеніне жетті. Төрешілер қарап, айыпты солай белгіледі.

— Осы маусымда жанкүйерлерге толы трибуналар алдында ойнау психологиялық тұрғыдан жеңілірек пе, әлде ешқандай әсері жоқ па?

— Әрине, трибуна толы болғаны қуантады. Бізге жанкүйерлер келгенде әрқашан жақсы ойнауға тырысамыз, өйткені бұл — мейрам. Олар бізді алға жетелейді, біз де шабыттанып, алға ұмтыламыз.