logo

Денис Евсеев жұптық сында Испаниядағы жарыстың ширек финалына өтті

Денис Евсеев жұптық сында Испаниядағы жарыстың ширек финалына өтті

Қазақстандық Денис Евсеев жұптық сында Мурсия (Испания) челленджер турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Британдық Ян Хойнскимен жұптасқан Д.Евсеев алғашқы айналымда испаниялықтар Хавьер Барранко Косано – Пабло Льямас Руиспен шеберлік таластырды.

Испаниялық жұп корт иелері болғанымен, Д.Евсеев – Я.Хойнски айқын басымдылықпен ұтты – 6:1, 6:4. Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде қазақстандық-британдық дуэт 3 эйспен бірге 3 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ.

Денис Евсеев – Ян Хойнски жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, франциялық Тео Аррибаж – румыниялық Виктор Влад Корня немесе пәкстандық Айсам-уль-Хак Куреши – испаниялық Давид Вега Эрнандес жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Денис Евсеев жекелей сында іріктеу сайыстарының жартылай финалында күтпеген жерден Грузия өкілі Николоз Басилашвилиге жол беріп, негізгі додаға өте алмады.



Күн шежіресі