Дастан Сатпаев Англияда жаңа клуб тапты

Дастан Сатпаев Англияда жаңа клуб тапты

Лондондық «Челси» Дастан Сатпаевқа қатысты шешім қабылдады. Қазақстандық шабуылшы Англияның «Бернли» клубында жалға алу негізінде өнер көрсетуін жалғастырады, деп хабарлайды Sport+.

Команда Чемпионшипте өнер көрсетеді. Клубтың бас бапкері — бельгиялық Ники Хайен.

«Бұл тек бастамасы. Жалға алу — мені мықты ететін жаңа тәжірибе. Алда әлі талай жақсы нәрсе бар, Ин Шаа Аллах! Алға, Қазақ елі!» — деп Дастан «Бернлиге» ауысуына қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді.



Күн шежіресі