Даниэль Мальдини Италия құрамасындағы отбасылық дәстүрді жалғастырды: атасы мен әкесінің жолымен дебют жасады
14 қазанда Удине қаласындағы «Дачия Арена» стадионында Италия құрамасы Ұлттар лигасының 4-турында Израильді 4:1 есебімен жеңіп, маңызды жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
73-ші минутта итальяндықтар сапынан шабуылшы жартылай қорғаушы Даниэль Мальдини алаңға шығып, ұлттық құрамада алғашқы ойынын өткізді.
Италия құрамасы тарихында алғаш рет бір отбасының үш буыны осы командада ойнады. Даниэльдің әкесі Паоло Мальдини 1988 жылы «Скуадра Адзурра» сапында дебют жасап, құрама үшін 126 матч өткізген. Ал оның атасы Чезаре Мальдини 1960 жылы Италия құрамасында дебют жасап қана қоймай, кейіннен команданың бас бапкері болған. Ол 2016 жылы 84 жасында өмірден өткен.