logo

«Барселона» – Испания Кубогының иегері (видео)

«Барселона» – Испания Кубогының иегері (видео)

«Барселона» футболшылары 2024/25 жылғы маусымдағы Испания Кубогының финалында мадридтік «Реалды» жеңіп, жүлденің иегері атанды, деп хабарлайды Sport+.

Турнирдің шешуші матчы Севильядағы Олимпиада стадионында өтті. Каталондықтар қосымша уақытта 3:2 есебімен жеңіске жетті.

«Барселона» бірінші таймда Педридің (28-минут) голының арқасында алға шықты. Испандық жартылай қорғаушы Ламин Ямалдың пасынан кейін бірден соққы жасап, гол соқты.

Екінші таймда мадридтіктер есепті теңестіріп қана қоймай, алға да шықты. Алдымен үзілістен кейін алаңға шыққан француз шабуылшысы Килиан Мбаппе айып добын сәтті орындады. Одан кейін француз жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени Арда Гүлердің бұрыштан асырған добын баспен қақпаға бағыттады.

Каталондықтар есепті қайта теңестірді — испан шабуылшысы Ферран Торрес Ямалдың пасынан кейін гол соқты.

Нәтижесінде матч қосымша уақытқа ұласты. 116-минутта француз қорғаушысы Жюль Кунде айып алаңы шетінен дәл соққы жасап, шешуші голды соқты.

Осылайша, «Барселона» 2021 жылдан бері алғаш рет Испания Кубогын жеңіп алды. Каталондықтар бұл турнирдегі жеңістер саны бойынша өз рекордын жаңартып, 32-ші титулын иеленді. «Көк-гранаттылар» биылғы маусымда требл жасау мүмкіндігін сақтап отыр, өйткені олар Испания чемпионатында көш бастап тұр және Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты.



Күн шежіресі