Черчесов қазақшасын жақсартқанын дәлелдеді
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Норвегиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер сауалына жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ресейлік маман қазақ тіліндегі сұрақтарды аудармашысыз түсініп, мемлекеттік тілді үйреніп жүргенін көрсетті.
Еске салайық, Черчесов бас бапкер болып тағайындалған уақытта журналистермен кездесіп, журналистерден қазақша сұрақ қоймауды талап еткен болатын. Артынша қоғамда резонанс туып, ресейлік маман қазақ тілін үйренуге уәде берді.
«Қазақша қойылған сұрақтарды аудармашысыз түсінетін дәрежеге жеттім. Үйреніп жүрмін»,- деді Станислав Черчесов.