Чемпион атағын қорғауды бастайды: «Галатасарай» – «Чорум» матчының тікелей эфирі
Түркия Суперлигасының соңғы екі маусымдағы жеңімпазы «Галатасарай» титулын батыл ойын көрсетіп жүрген жаңадан келген «Чорумға» қарсы матчпен қорғауды бастайды.
«Арыстандар» жазғы трансферлік кезеңді аса белсенді өткізген жоқ. Команда Англияның «Бернли» клубынан Лесли Угочуквуды ғана қатарға қосты. Сонымен қатар Окан Бурук шәкірттері негізгі көшбасшылардың барлығын командада сақтап қалды.
Чемпионға Суперлиганың жаңадан қосылған «Чорум» командасы қарсы тұрады. Клуб маусым басталар алдында құрамын бірқатар легионерлермен күшейтті.
Матч 23:30–да басталады.
Ойынның тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.