Бразилиялық жас талант «Қайсар» сапын толықтырды
Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы құрамын бразилиялық жас талант Густаво Загомен толықтырды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілетеме жасап.
19 жастағы вингер бұған дейін Бразилияның атақты «Крузейро» клубының жүйесінде өнер көрсетіп, жоғары техникалық шеберлігімен және шабуылдағы белсенді ойынымен көзге түскен.
Густаво Заго өз еліндегі беделді жастар турнирі — Копиньяның үздік футболшысы атанып, болашағынан зор үміт күттіретін ойыншылардың бірі ретінде танылған.