«Brave» және «Alash Pride» турнирінің толық карды жарияланды

«Brave» және «Alash Pride» турнирінің толық карды жарияланды

31 мамыр күні Алматы қаласында «Brave» және «Alash Pride» лигаларының бірлескен ірі турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Турнир аясында екі титулдық жекпе-жек ұйымдастырылады. Қазақстандық лиганың чемпионы Асылжан Таскет өз белбеуін Андрей Мешковке қарсы қорғайды. Бұл спортшылар үшін реванш болмақ. Алғашқы кездесуде «Сушист» лақап атымен танымал Мешков Асылжанды нокаутқа түсірген еді. Алайда жекпе-жек алдында салмаққа сыймағандықтан, белбеу Қазақстанда қалған.

Ал «Brave» лигасында украиналық Омар Соломанов Зимбабве өкілі Николас Хвендемен лиганың толыққанды чемпиондық белбеуі үшін айқасады.

Толық кард тізімін төменнен көруге болады:

«Brave» және «Alash Pride» турнирінің толық карды жарияланды



Күн шежіресі