BRAVE лигасының чемпионы атағы Алматыдағы турнирде сарапқа салынады
BRAVE Combat Federation лигасы 31 мамырда Алматыда өтетін турнирдегі чемпиондық жекпе-жекті жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Кештің басты айқасында жартылай жеңіл салмақтағы уақытша чемпион, украиналық Омар Соломонов бұрынғы чемпион Николас Хвендемен кездеседі. Бұл жекпе-жекте толыққанды чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Еске сала кетейік, Омар Соломонов уақытша чемпион атағын қазақстандық Рауан Бекболатпен өткен жекпе-жекте жеңіп алған болатын.