logo

«Болашақ ойындары»: Астанада ерекше хоккей жарысы өтті

«Болашақ ойындары»: Астанада ерекше хоккей жарысы өтті

Шайбалы хоккейден «Болашақ ойындары» турнирі аясында «фиджитал хоккей» форматы бойынша жасөспірімдер сынға түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Фиджитал хоккейдің ерекшелігі — жасөспірімдер бастапқыда playstation құрылғысында 3×3 форматы бойынша 9 минутта мықтыны анықтайды.

Екінші кезекте дәл осы есеп сақталып, хоккейшілер ары қарай мұз айдынында 7 минуттан тұратын 3 кезеңде ойнап, жалпы жеңімпаз анықталады.

Турнирге Астана қаласының 6 командасы қатысты.

Турнир қорытынды бойынша, «Номад-1» командасы топ жарса, «Номад-2» ұжымы 2-орын, «Астана-1» командасы үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ, жасөспірімдер мұз айдыны мен digital сайыстарында да үздік номинациялармен марапатталды.



Күн шежіресі