Бақтиер Зайнутдинов Словениямен өткен ойында Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы атанды
WhoScored беделді аналитикалық сайты Словения мен Қазақстан (3:0) арасындағы УЕФА Ұлттар Лигасының екінші турындағы матчтың ойыншыларға берілген бағаларын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бақтиер Зайнутдинов 7,3 ұпаймен Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы атанды. Одан кейінгі орындарда қақпашы Игорь Шацкий (6,74) және қорғаушы Нұралы Әліп (6,34) тұр.
Ал матчтың үздік ойыншысы және хет-трик авторы Словения шабуылшысы Беньямин Шешко 10,0 ұпай алды.