logo

«Бешікташ» Эквадор құрамасының 18 жастағы шабуылшысымен келісімшартқа отырды

«Бешікташ» Эквадор құрамасының 18 жастағы шабуылшысымен келісімшартқа отырды

Стамбұлдың «Бешікташ» клубы Эквадор ұлттық құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Кенни Аройоны қатарға қосқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Аройо клубқа қосылып үлгерді. Бұған дейін Кенни өзінің тәрбиеленушісі болып табылатын «Индепендьенте» клубында ойнаған.

18 жастағы шабуылшының есебінде Эквадор ұлттық құрамасы сапында 2 матч, сондай-ақ жасөспірімдер және жастар құрамаларында өткізген кездесулері бар.

«Бешікташтың» Суперлигадағы барлық матчтарын Sport+ телеарнасынан тамашалауға болады.



Күн шежіресі