Бенедикт Долль кәсіби карьерасын аяқтағанын мәлімдеді
Канаданың Кэнмор қаласындағы Әлем кубогының тоғызыншы кезеңі 33 жастағы биатлоншы үшін соңғы жарыс болмақ, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл турнир 14-17 наурыз аралығында өтеді.
Жарысқа 100 пайыз дайындалуға күшім жетпейтінін түсінген бойда өзіме: «Болды, жетер» деп, карьерамды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Тағы бір себеп – отбасыммен көбірек уақыт өткізу. Биатлоншылар әдетте жарты жылды сыртта өткізеді.
Одан қалды жаңа іспен айналысып көргім келеді, - деді Долль Халықаралық биатлоншылар одағына берген сұхбатында.
Долль 2018 жылы Пхенчханда өткен Олимпиада ойындарында екі қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ ол әлем біріншілігінде топ жарған және Әлем кубогы кезеңдерінде екі рет үздік шыққан.